Елімізде үндістандық студент суға кетті

255
Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқып жатқан Үндістан азаматы Қапшағай су қоймасына батып кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 шілде күні болған.

«Белгілі болғандай, Алматы қаласынан келген студенттер тобы Қапшағай су қоймасының жағажайында шомылып, қоғамдық құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аспай, жағалаудан алысқа жүзіп кеткен. Бір сәтте студенттердің бірі өз күшін есептемей, одан әрі жүзіп, батып кеткен. Құтқарушылар 1999 жылы туған жігіттің денесін тауып, жағаға шығарды», - деп хабарлады департаменттегілер.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.