АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖИЫН ӨТТІ

1 209

Фото: Жалағаш ауданыАудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың қатысуымен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар, жауапты білім беру ұйымдарының басшыларымен бірге жиын өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазіргі таңда профилактикалық шаралар аудан бойынша тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін кәмелетке толмағандардың арасындағы басты мәселелердің бірі түнгі уақытта ата-анасыз жүрген балаларды болдырмау мақсатында аудандық прокуратура, аудандық полиция департаментімен бірлескен түнгі рейд жұмыстары күшейтілетінін айтты.

Мектеп-оқушы-ата-ана үштағаны үйлесімділікте жұмыс жасауы қажет екені ескертілді. 

Сондай-ақ, жыл басында облыс әкімдігі, облыстық прокуратура, облыстық полиция департаментімен бірлескен «Жол картасы» аясында іс-шаралар таныстырылды.

Бала тәрбиесіне қатысты құқық қорғау органдарымен бірлескен түрде пікір алмасып, ата-аналар тарапынан тиісінше мәселелер қозғалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.