Көшеден табылған сәби жаңа отбасыға берілді

1 529

Фото:©istockphoto.comАқтөбедегі Түргенев көшесінің бойындағы ағаш түбінен пакетке оралған күйі табылған жаңа туған Батыр патронаттық отбасына берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін сәби бір айға жуық Сәбилер үйінде болған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, балаға Батыр деген есімді қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері қойған. Сол жерде оған уақытша тегі де рәсімделген. Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Наталья Головыринаның сөзінше, нәресте кездейсоқ жағдайдың арқасында аман қалған. Пакетті көшеден өтіп бара жатқан мектеп оқушылары байқап қалған.

«Жаңа туған сәби ұзақ уақыт ауа жетпей жата алмас еді. Оны полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жедел жәрдем жеткізді. Баланың денесі қатты тоңып қалғандықтан, алдымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Оны асырап алғысы келетіндер көп болды. Қазір оның отбасында тәрбиеленіп жатқанына қуаныштымыз», – деді ол.

Ауруханаға түскен кезде Батырдың салмағы небәрі 2990 грамм болған. Үш апта ем қабылдағаннан кейін ол 550 грамм салмақ қосқан. Сәбилер үйінің бас дәрігері Серік Айтукиннің айтуынша, бала дені сау, сабырлы болып өскен және жақсы салмақ жинаған.

«Оны жаңа отбасына шығарып саларда естелікке суретке түстік. Батыр біздің ең кішкентай тәрбиеленушілеріміздің бірі болды. Онымен қатар тағы бір жаңа туған сәби келген еді. Өткен аптада ол да отбасына берілді», – деді ол.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Баланың анасы әлі анықталмаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.