«Папам мамама пышақ тықты»: Әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
Атырауда әйелінің 28 жерінен пышақ салып, өлтірген Ерсінбек Жұмағалиевтің соты жүріп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Биыл 22 шілде күні үйінде әйеліне тап беріп, аяусыз өлтірген ер адамның ісін атақты судья Зарема Хамидуллина қарап жатқаны белгілі болды. Зарема Хамидуллина бір тәулік бойы анасының мәйітінің жанында жалғыз қалған үш жасар қыздың тағдырына қатты алаңдаған.
Бұл сұрақтарға нақты жауап бере алмаған сотталушы Ерсінбек Жұмағалиев «сол сәтте есімді білмедім» дегенді алға тартпақ болды. Бірақ судья оның есін білгенін, баланы әдейі қауіпті жерге тастап кеткенін дәлелдей отырып сөйледі.
Бұл сұрақтарға сотталушы жөнді жауап бере алған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Атыраудың қылмыстық істер жөніндегі соты биыл жазда азаматтық некедегі әйелін өлтірген Ерсінбек Жұмағалиевтің ісін қарап жатыр. Марқұм әйелдің аты Алмагүл Шымырова еді, оның артында үш жасар қызы қалған.
«Jagdai» ақпараттық паблигі сот отырысынан адам шошырлық видео таратқан. Жарыссөз кезінде прокурорлар оқиға орнынан алынған айғақтарды көрсетті. Айта кетейік, прокурорлар соттан ер адамды өмір бойына соттауды талап етіп отыр. Ал оны қорғап жатқан адвокаттар 10 жылға соттауды сұраған.
Дегенмен, қылмыстың қандай ауыр екенін көрсету үшін прокурорлар сотқа марқұмның үстінен алынған жұқа жейде мен көрпені және қылмыс жасалған пышақты ашып көрсетті.
Видеодан байқалып отырғандай, марқұмның үстіндегі жейдесі өте көп жерден тесілген. Көрпе қанжоса. Ал пышақтың өте үлкен екені байқалады.
Қаз
Рус






