Желіде екі көліктің бір-біріне соқтықпас үшін аударылған видеосы талқыға түсті

1 616

Фото: Видео кадрларынан скринҚытайда қиылыста орын алған күтпеген жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қызу талқылануда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мұнда фура мен моторлы кішкентай көлік қиылыста бір-біріне соқтықпас үшін дереу тежегішті басып, кейін өз-өздерінен аударылады. Желі жұртшылығы мұны “ең күнәсіз жол апаты” деп атады.

Кадрларда моторлы көліктің жасыл бағдаршам жанғанда жанама көшеден негізгі жолға шыққаны көрінеді. Сол сәтте басты жолмен ауыр жүк көлігі келе жатқан. Видеодан байқалғандай, фура жүргізушісі бұрыштан шыққан көлік құралын байқамай қалған.

Қақтығысты болдырмау үшін екі жүргізуші де шұғыл әрекетке көшті. Фура кенеттен тежегішті басқан кезде кабина мен жартылай тіркеме инерциямен алға қарай қозғалып кетеді. Ал моторлы көлік оңға қарай күрт бұрылып, тепе-теңдігін жоғалтып, аударылып қалады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.