Тергеу изоляторының бастығы 450 мың теңге пара алған

869
Ақтөбеде тергеу изоляторының басшысы сотталушыны камерадан казармаға ауыстырғаны үшін 450 мың теңге пара алған, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотпен биыл 7 қыркүйекте Ә. есімді азамат Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/3 мекемесінің бастығы бола тұра, сотталушы Д.-ны жазасын өтеу үшін камералық үлгідегі үй-жайдан казармаға ауыстыру және болашақта жұмыспен қамтамасыз ету үшін 450 мың теңге ақша-қаражатын алғаны анықталған.

Сот отырысы кезінде сотталушы кінәсін толық мойындады.

Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.