"Балалар үнемі уланып қалады": ШҚО-да ауыл тұрғындары шошқа фермасынан зардап шегіп отыр

353

Шығыс Қазақстан облысында бірден үш ауылдың тұрғындары шошқа фермасынан зардап шегіп отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шаруашылық тауда орналасқан, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Үйді ерлі-зайыптылар Данияр Сазанбаев пен Кербез Жылқашова екі жыл бұрын сатып алған. Бұл жерден шошқа фермасы бірнеше жүз метр ғана жерде. Суаруға арналған су да жарамайды, себебі барлық өсімдіктер күйіп кетеді. Олар шаруа қожалығының дәл қасында жиналып, прокуратураға, жергілікті атқарушы органдарға, сотқа, президентке арыз жазды.

“Біздің балалар үнемі уланып қалады не өздері анықтай алмаған инфекциямен ауырып қалады”, – дейді Лесхоз ауылы тұрғыны Елене Сотникова.

Шаруашылықта төрт мыңға жуық бас шошқа бар дейді ауыл тұрғындары. Үй иесі олардың шағымдарына жауап бермейді.


Қала билігі, СЭҚ өкілдері мен экологтар жауап берді.


“Бұл шаруашылықтың жұмысын тексереміз. Қазіргі уақытта бұл аумақта мұндай қызметке экологиялық рұқсат жоқ”, – дейді Экология департаментінің бас маманы Елжас Қайдаров.

Жыл сайын көктем басталысымен зиянды сұйықтық ауыл ортасын жетіп, Үлбі өзеніне құяды.


“Тұрғындарға осы мәселе бойынша бірінші кезекте сотқа жүгінуін ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ, шошқа қораны құру мен қоршаған ортаның ластануы бойынша”, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.
Әкімдік өз кезегінде жұмыс тобын құруға уәде берді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.