Арыста сары фосфор өртенді: Сарапшылар ауа сапасын тексерді

358
Өткен жұмада Арыс станциясында сары фосфор тиелген вагондар өртенді. Осыған байланысты қалада ауа сынамасына жоспардан тыс іріктеу мен талдау жүргізілді деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Өрт шыққан Наурыз шағын ауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде, шет жағында орналасқаны хабарланды. Мұндағы тұрғындар саны 1700 адамды құрайды. Айта кетсек, өрт туралы ақпараттан кейін шағын аудан тұрғындары эвакуацияланды. Ауа сынамасы осы шағын аудан мен тағы қаланың бес нүктесінен алынды.

 "Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак. Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. 

Өлшеу нәтижесі бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.