10 жастағы оқушы 7 жасар баланы зорлаған

344
Алматы облысының тұрғыны 7 жасар ұлын 10 жасар бала зорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Әйелдің айтуынша, 10 жастағы бала ұлын зорлаған. Ал сот баланың ата-анасына 60 мың теңге айыппұл салған. Ал баланы полиция есепке алған. 

Бұл бала менің ұлымды қорқытқан. Алдымен жаңбырдан кейін лашықта ойнаймыз деп сол жерге алып барған. Кейін шалбарын шешкізген. Ұлымның қарсылығына қарамастан ұрып тастайтынын айтып, сес көрсетіпті. Ұлым қорқым, жылаған. Кейін іш киімін де шешкізіп, еңкейіп тұрғызған, – дейді зардап шеккен баланың анасы.

Әйел соттың шешіміне үзілді-кесілді қарсы және зорлық көрсеткен баланы мәжбүрлі түрде арнайы интернатта емдетуді талап етуде. 

Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері қылмыс болған уақытта бала 11 жасқа толмағандықтан жазаға тартылмағанын мәлімдеді. Мұндай жаза тек 11 жастан бастап тағайындалады екен. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.