Ер адам әйелінің қол-аяғын скотчпен байлап, жындыханаға мәжбүрлеп қамаған
Түркістанда әйелін психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп орналастырған ер адам мен оның екі досына қатысты сот шешімі шықты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан қаласының ауданаралық соты бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған Д., Ю. және М.-ға қатысты қылмыстық істі қараған. Тергеу органымен Д.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау (ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағы), психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚК 127-бабы 1-бөлігі) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау (ҚК 287-бабы 3-бөлігі) айыптары тағылған.
Ал Ю. мен М.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау (ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағы және психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруға жәрдемдесу (ҚК 28-бабы 5-бөлігі – 127-бабы 1-бөлігі) бойынша айып тағылған.
Сотпен анықталғандай, әйелдің күйеуі сотталушы Д. Түркістандағы базарлардың бірінің аумағынан тауып алған атыс қаруына арналған 16 дана оқ дәрілерді өз үйінде заңсыз сақтаған. Жұбайы И.-мен туындаған отбасылық жанжал салдарынан сотталушыда оны психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру туралы қылмыстық ниет пайда болған.
Өз жоспарын жүзеге асыру үшін ол 2 танысымен алдын ала сөз байласқан. Сотталушылар жәбірленушінің қарсылығын басып, қол-аяғын скотчпен байлап, күштеп Шымкент қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығы жеткізіп, сол жерде сотталушы Д. тиісті медициналық құжаттарға қол қою арқылы жәбірленушіні мекемеге заңсыз орналастырған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






