Қызылордада сотталған азамат ұлы ақынның өлеңін орындады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде 10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күніне орай темір торға қамалғандар арасында кемеңгердің еңбектерін дәріптеу мақсатында іс-шаралар өтті. Сондай іс- шараның бірін қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің тәрбие бөлімі ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілді. Сондай -ақ іс-шарада олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді. Тіптен бір сотталған “Көзімнің қарасы ” әнін нақышына келтіре орындады. Ол абайсызда қылмыс жасап сотты болған.Өзінің айтуынша ақын өлеңдерін жатқа айтып,әндерін орындайды. Ақын қара сөздерін де жатқа айтып, мәні мен мағынасына да тоқталып өтті.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





