Қызылордалық әйел фитнес-клубты сотқа беріп, 1 млн теңге өндіріп алды

1 958

СпортРесКызылорда қалалық сотына әйел кісі фитнес-клубтан материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыз берді. 54 жастағы әйел фитнес-клубта ылғалды еденнің салдарынан сүрініп, құлап қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Әйел қатты соққыға ұшырап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Артынша ол травматология және ортопедия ғылыми орталығында емделді. Ол жұмысқа бара алмай, төсек тартып қалған. Салдарынан жалақыдан айырылған, сондықтан әйел фитнес-клуб басшылығынан моральдық және материалдық өтемақы талап етті", – деп атап өтті Дүйсенова.


Фитнес-клубта жарақат алғаны туралы факт медициналық мекеме қоңырауларын тіркеу журналындағы жазбалармен және басқа құжаттармен расталған.


Сот фитнес-клуб тарапынан тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қажетті шаралар қабылданбаған деген қорытындыға келді.


Сондықтан талапкердің талаптары қанағаттандырылды: фитнес-клубтан әйелдің пайдасына материалдық зиян мен моральдық шығын үшін 1 миллион теңгеден астам өтемақы өндірілді.


Алайда фитнес-клуб бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа шағымданды.


Апелляциялық сот істің мән-жайын зерттеп, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.