Елтаңба бейнеленген сайлау жәшігі дәретханадан табылған

272
Түркістан облысында Елтаңба бейнесі бар сайлау жәшігі дәретханадан табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Әлеуметтік желіде мектеп дәретханасында тұрған сайлау жәшігінің суреті тарады. Білім нысанының Төлеби ауданында орналасқаны анықталған. Аталған жағдай бойынша Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі заңсыздыққа жол берген мектеп басшылығына сөгіс жарияланатынын хабарлады.

«Мектеп әжетханасындағы Мемлекеттік Елтаңба белгісі бар сайлау жәшігіне қатысты Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан зерделеу қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылып, кемшілігі үшін жалпы орта білім беретін мектеп директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды», - делінген ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.