Наурызда 1 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға шығады

1 405

Фото: Ұлттық банкҰлттық банк 28 наурыздан бастап жаңа 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа 1 000 теңгелік қағаз ақша "Сақ стилі" сериясынан тарайды.

Бұдан бөлек 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

Сонымен қатар, жиында төлем жүйелері және Ұлттық Банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.