Мемлекет тұңғыш президенттің қауіпсіздігін қорғаудан бас тартпақ

1 330

Бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне мемлекет жауап бермейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Құжат “АшықНҚА” порталында жарияланды. Онда Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені жаңа редакцияда жазу ұсынылған. Бұған "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылуы себеп болып отыр. 


Осылайша жаңа құжатта мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ. 


“Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган”, - деп жазылған жаңа құжатта. 


Бұған дейін бұл жазба арасында “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының” деген бөлігі болатын. 


Құжат маусымның 14-не дейін қоғам талқылауында болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.