Оралда әкесі үш жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздестіріп жатыр

361

Оралда ер адам үш жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздестіріп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Надежда" газетіне сілтеме жасап.


2019 жылдың 12 қыркүйегінде 38 жастағы Аслан Бакенов үйден кетіп, қайта оралмаған. Әкесі ұлын аман-есен табатынына үміттеніп жүр.  


Әкесі Нәжмеден Бауеновтың айтуынша, ұлының екі жоғары білімі бар, ол шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер, өте сабырлы және ешкімге зияны тимейтін адам.

"Біз 13 қыркүйекте Подстепный ауылында Асланды көрген адамдарды таптық, онда ол өзі туып-өскен Сырым ауданына оралып, сол жерде ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетінін айтқан. Біз оның 14 қыркүйекке дейінгі қозғалысын бақыладық.
Межелі жерге дейін ол жол жөнекей көліктермен барған. Жымпиты арқылы Талдыбұлақ ауылына жеткен. Содан кейін Александровка ауылында тағы бір көлік оны Алатауға жеткізген.  Бірақ ер адам ол жерде қалмай, 14 қыркүйекте сол жерден қайтадан жолға шығып кеткен. Соңғы рет оны сол күні "Сапар" кафесінде көрген. Содан кейін ол жоғалып кеткен. Бұдан кейін оның қайда бар ғаны белгісіз, ешкіммен байланысқа да шықпаған. Біз полицияға, түрлі БАҚ пен телебағдарламаларға жүгіндік. Тіпті көріпкерлерге де бардық. Олар менің ұлым үйленді дейді. Үш жыл ішінде, әрине, бәрі мүмкін. Бірақ жоғалған кезде ол бойдақ еді, ешкіммен кездеспеген және шаруашылықпен айналысқысы келген", – деді ол.

Әкесі ұлын іздестіріп, шаруашылықтардың барлығына қоңырау шалып, ұлының фотосын жіберген. Тіпті алты Аслан есімді жігітті тапқан, бірақ олардың ешқайсы ұлы болмай шыққан. Ер адам күндердің бір күні ұлы оған хабарласып, өзінде бәрі жақсы екенін айтатын күн туады деп күтіп жүр. 

 “Бәлкім, ол телефонын жоғалтып алған шығар, үйленіп те алған шығар, бірақ біз оның қайда және не істеп жүргенін білгіміз келеді. Тезірек қайтып орал, біз сені, жақындарың іздеп жатырмыз, сағындық”, – дейді жоғалған ұлын іздеп жүрген әке.