Сеулде құрылыс алаңында Қазақстандық қаза тапты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИСеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 29 қыркүйекте болған. СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр»,– делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея деректеріне сәйкес, қайғылы жағдай таңғы сағат 09:45 шамасында Сеулдің оңтүстігіндегі Сочо ауданында болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған. Нысанның бас мердігері — Hyundai Engineering & Construction компаниясы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.