Полиция Ақтөбедегі қоқыстан табылған өлі шақалақтың анасын тапты

335
Ақтөбе облысында екі күн бұрын полигоннан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Әйелдің айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған», – деді Ақтөбе облысының полиция департаментіндегілер.

Қазір бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ( "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.