9 мамырда бір топ адам алаңға КСРО туын көтеріп шыққан

134

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 9 мамырда қызыл ту алып шыққандардың жауапқа тартылмау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



“Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – ред.) рұқсат. Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді”, – деді министр.


Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметкерлері заң шеңберінде қолдарынан келгенді жасады. Ал мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді ведомство басшысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.