Ресейге адыраспан тасымалдағандар жазаға тартылады

1 563

Turkmenistan.gov.tmРесейге адыраспан өсімдігін тасымалдаған Қазақстан азаматтары жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР ІІМ мәліметінше, биыл ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.


"Оны сол елге апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада.


Осыған байланысты ІІМ шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстан азаматтарына баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.