Мұғалім жалақысын арттыру үшін жалған құжат жасаған

1 612

Фото:depositphotos.comӨскеменде «педагог-модератор» санатын алғаны туралы жалған құжат жасаған мұғалім сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел «мұғалім-модератор» біліктілік санатын аяқтағаны туралы жалған сертификат жасаған. Содан соң жалақысын көтерту үшін құжатты оқу орнының директорына ұсынған. Алайда бұнысы әшкере болып, ісі сотқа жетті.


«Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігіне (Көрінеу жалған құжат пайдалану) кінәлі деп таныды. Кінәсін мойындап, істегеніне шын жүректен өкінуі және бұрын сотты болмауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Айыпталушыға 73 840 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.