«Менің болашағым сен едің…»: Марқұм фельдшер Ұлдананың күйеуі көпті жылатты

1 511

Фото: ©️ zeineladilet/instagramАстанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өмірден өткеніне 100 күн толған. Осыған орай марқұмның жұбайы Әділет Зейнел әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентер жазба жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол жарының жоқтығына әлі де сене алмайтынын, түсінде оны жиі көретінін жазған. Айтуынша, түсінде екеуі бұлттардың үстінде тұрғандай болады: жұбайы аппақ киімде, жүзінен нұр төгіліп, сабырлы күйде оған қолын созған. Сол сәттерде барлығы қайта қалпына келгендей сезіліп, жаны тынышталған. Алайда оянған кезде оның өмірде жоқ екенін түсіну ең ауыр сәт екенін жеткізген.

Адамдар “түсінеміз”, “алдыңда әлі бәрі бар” дейді. Бірақ менің “алдам” сен едің. Барлық арманым сенен басталатын. Болашағымды елестетсем, қасымда әрдайым екеумізді көретінмін, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол жұбайын өмірінің жарығы, тірегі әрі қорғаны болғанын атап өткен. Қазір артында үнсіздік қалғанын айтқанымен, марқұмның махаббаты өзіне күш беріп тұрғанына сенетінін жеткізген.
Жазба соңында ол жарына деген сағынышын жасырмай, әр тынысымен бірге есімін еске алатынын, махаббаты мәңгі жүрегінде сақталатынын жазған.
Желі қолданушылары пікір қалдырып, отбасыға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.