Қазақстанға 2027 жылғы қажылыққа 4300 орын бөлінді
Қазақстан 2027 жылы қажылық парызын өтеуге баратын азаматтар үшін 4300 орындық квота алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мәліметінше, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында 2027 жылғы қажылыққа байланысты келісім жасалған.
Құжатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қол қойған.
Келісім екі ел арасындағы қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруді көздейді. Сондай-ақ қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптары мен медициналық нормаларды сақтау мәселелері қамтылған.
Бұдан бөлек, құжатта қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық кезінде қажетті қызметтерді ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалған.
Қаз
Рус






