Патронат ата-ана 4 балаға құл ретінде мал баққызған

1 584

Фото: ашық дерек көзіІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев патронаттық тәрбиеге алынған балалардың жағдайын қадағалайтын органдардың жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат аенттігі.


"Биылдың өзінде Ұлытау облысының қыстауында Жезқазған қаласынан 30 шақырым жерде зорлық-зомбылық пен жаза қолдану арқылы балаларға мал баққызу фактісі анықталды. Бұл балалар 2018 жылдың қаңтарына дейін қиын өмірлік жағдайдағы қолдау орталығында болған. Оларды патронат ата-аналар алып кеткен. Жалпы айтқанда, 4 баланы алып кетіп, оларға құл ретінде мал бақтырып отырған ғой. Оған ешкім қарамаған. Балалар патронаттық тәрбиеде болған 6 жылдың ішінде бұл отбасыны қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдері тексермеген. Бұл ретте патронат баланы тәрбиелеу мен күтіп бағуды бақылауды қорғаншылық және қамқоршылық органдары 6 айда кемінде бір рет тексеру керек еді. Бұл Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылау жоқтығын көрсетеді", - деді ол Сенатта өткен дөңгелек үстелде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.