Қызылорда тұрғындары жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығына наразы

298
Қызылорда қаласындағы “Астана” мөлтек ауданында жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығы тұрғындарды әбігерге салуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


«Астана-2» шағын ауданында жаяу жүргіншілер жолының жоқтығынан қозғалыс қауіпсіздігі мүлдем сақталмайды. Тұрғындар автокөлік жолымен жүріп, өмірлеріне қауіп төндіруде. Мұнда тіпті көшенің бір бетінен екіншісіне өту үшін жаяу жүргінші жолағы да қарастырылмаған.


Шаһарымызда жаңадан бой көтерген мөлтек аудандар саны артуда. Солардың бірі “Астана” мөлтек ауданында бой көтерген сымбаты келіскен көпқабатты тұрғын үйлердің көптігі көз жауыңды алардай. Десек те сымбаты келіскенімен тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге арналған жолаұтың салынбағаны. Көше бойына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мінсіз жолдың салынғаны жүргізушілердің жылдамдықты асырып, күнделікті апатқа әкеп соқтыруда. Асфальт жолы төселгенімен жаяу жүргінші жолағы тым болмаса жылдамдық тежегіш жолақтардың салынбауы тұрғындардың басты мәселесіне айналып отыр.


Жаңа ауданының тұрғындары жүйткіген көлік жолын кесіп жүруге мәжбүр. Осылайша, өз өмірлерін қауіпке тіккен тұрғындарды жүйткіген тұлпар жол бөліскен жүргіншінің өміріне қауіп төндіріп отыр.
 
Біздің Қазақстанда бір нарсе жасалу үшін міндетті түрде адам өлу керек. Машиналар қатты жүреді. Тұратын аймаққа жақындағанда жылдамдықты азайту керек,- дейді Ерболат есімді тұрғын.


Тұрғындардың айтуынша, адамдардың көлік астына түсіп жатқанын күнде көру үйреншікті құбылысқа айналған. Жергілікті халық құзырлы мекемелердің ешбір әрекетсіз отырғанына ашынуда.
 
Мкр. Астана -2. Күнде адам қағып кетеді. Неге “пешеход” салмайсыңдар? Міндетті түрде адам өлуі керек па? Жылдамдықты азайтатын белгілер де жоқ. Осыған қарайтын құзырлы мекеме жоқ па?, - дейді тұрғын.


 
Тұрғындардың арыз-шағымын назарға алған, “Қызылорда қалалық полиция басқармасының” жауапты маманы:
 
А.Шаменов көшесінің бойына жаяу жүргінші өткелдерін және жасанды тегіс еместік қондырғыларын орнату жөнінде кала әкімдігінің Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылыры, жолаушылар тасымалы жане автомобиль жолдары бөліміне тиісті нұсқамасы жолданды,- дейді.

Ал, құзырлы мекеме жауабына сүйенсек, бұл мәселе алдағы уақытта тұрғындар шағымына тиесілі оң шешімін береді деген ойдамыз.


Өкінішке орай, «Астана-2» ауданында көше-жол желісін жетілдіру мәселелері әлі де ашық күйінде қалып отыр. Тұрғындардың көлікпен жарыса жүруі қашанға дейін жалғасары да белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.