53 ауыл ішімдік сатудан бас тартқан

1 396

Фото: istockphoto.comАтырау облысында 53 ауылда ішімдік сатылмайды, - деп хабарлады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылы тұрғындарының бастамасына өңірдегі елді мекендер осылай үн қосып жатыр. Мұндағы дүкендерде арақ-шарап сатылмайды, тойлар мен отбасылық мерекелер ішімдіксіз өтеді. 

Аталған ауылда өткен екі жылда бірде-бір бұзақылық, қылмыс тіркелмепті. Ұсақ кикілжіңдер ақсақалдар алқасымен шешіледі. Салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісін ұсынған Құрылыс ауылы халқының бастамасы бүгінде облыс тұрғындары арасында кең қолдау таба бастаған.

«Біз осы үлгіні облысымыздағы басқа аудандарға жолдап, қазіргі таңда Қызылқоға ауданында 17 елді мекен, Құрманғазы ауданында 16 елді мекен ішімдіктен бас тартты. Сол ауылдағы ақсақалдар, ауылдық әкімдік, белсенді азаматтар жиналыс жасап, осындай шешім қабылдап отыр», – деді Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуәлиев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.