Полиция көлігі жол апатына ұшырады

1 641

Фото: видеодан скриншотБүгін, 16 мамырда сағат 11.30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырап, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полициядан.


Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.