Қостанай облысында балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды

428

Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды. Оқиға Рудныйда болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

кісен

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандарылыған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты шешім шығарылды. Сот материалына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің зорлаған. Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 (Зорлау) және 121-баптары (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша берілді. 

Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді және өмір бойына педагогикалық қызметпен шұғылдану құқығынан айырылды. 


Сонымен қатар 1 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қанағаттандырылды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.