Қостанай облысында балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды
429
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды. Оқиға Рудныйда болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандарылыған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты шешім шығарылды. Сот материалына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушінің зорлаған. Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 (Зорлау) және 121-баптары (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша берілді.
Сот шешіміне сәйкес ер адам жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді және өмір бойына педагогикалық қызметпен шұғылдану құқығынан айырылды.
Сонымен қатар 1 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қанағаттандырылды.
Қаз
Рус






