Бишімбаевтың көңілдестері туралы кітап жарық көрмек

1 531

Фото:© instagram.com/nazymkakharmanЭкс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман алдағы күзде жарық көретін жаңа кітабы туралы мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шығарма бұрынғы күйеуінің өміріндегі көңілдес болған әйелдерге арналады және кітапта олардың есімдері өзгертілмей беріледі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазып, аталған әйелдерге арнайы үндеу жолдаған. Назым Қаһарманның сөзінше, кітапта барлық деректер нақты көрсетіліп, кейіпкерлердің есімдері мен оқиғалар өзгеріссіз берілген. Ол бұл еңбекті жазу арқылы жеке өміріндегі оқиғаларды ашық жеткізуді мақсат еткенін атап өткен. Сонымен қатар ол осы тақырыпқа қатысты бұрын ешкімге хат жазбағанын және жанжалға бармағанын да жеткізді. Оның айтуынша, бұл шешім жеке тәжірибесіне негізделген және тек өз көзқарасын білдіруге бағытталған.

«Бұл жазба бұрынғы күйеуіммен қарым-қатынаста болған әйелдерге арналады. Барлығыңыз кітабымда өз есімдеріңізбен орын алдыңыздар. Туындының таныстырылымы күзде өтеді. Мен сіздерге хабарласып, дау көтерген жоқпын. Алайда бұл жағдайлардан бейхабармын дегенді білдірмейді. Мен бұл мәселеде жауапкершілікті тек бұрынғы жұбайымнан сұрадым. Дегенмен, отбасылы ер адаммен байланыс орнату – әркімнің жеке таңдауы. Кейде мұндай шешімнің соңы біреудің кітабындағы кейіпкерге айналумен аяқталуы мүмкін»,- деп жазды ол.

Қазіргі уақытта кітаптың қашан жарық көретіні туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.