Ер адам ойыншық тапаншамен ақша айырбастау пунктін тонамақ болған

1 548

Фото: видеодан кадрАстанада ақша айырбастау пунктіне қарулы ер адам шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Ақша айырбастау пунктіне жасалған қарулы шабуыл сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға 30 сәуірде сағат 18:30-да болған”, – делінген видео сипаттамасында.


Медициналық маска таққан ер адам мекеме қызметкерінен ақшаны тезірек өзіне беруін сұрайды. 



“Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Менің қолымда граната бар, қазір оны тастап жіберемін. Ренжімеңіз. Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Шынымды айтсам, осындай қадамға баруға мәжбүрмін. Ақша төлеуім керек. Тезірек, қазір тастап жіберемін”, – деп қорқытты тапаншасын оқтаған қарақшы.


Қаладағы полиция департаменті ақша айырбастау пунктінде қарақшының ұсталғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шабуыл жасаған адам “ізін суытпай” анықталған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын істей алмаған. Себебі кассир дабыл түймесін басқан, мұны естіген қарақшы қашып үлгерген.


Сонымен қатар полиция күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.