Қызылордада қызметкер бастығының екі саусағын шауып тастады

6 152

Фото: freepik.comҚызылорда қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында қызметкерге ескерту айтқаны үшін бастығын ұрып, екі саусағын шауып тастаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ер адамды ет пен маринад әзірлеу үшін жұмысқа алған. Алайда ол міндетін орындамай, ішімдік ішіп, карта ойнаумен айналысқан. Кафе иесі наразылығын айтқан кезде ол мас күйде ет шабатын балтаны алып, әйелдің екі саусағын шауып тастаған.

Жәбірленуші – көпбалалы ана. Оқиғаның ауырлығына қарамастан, күдікті әлі бостандықта жүр екен.

Фото: Hola News


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.