ҚЫЗЫЛОДАДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ

1 603

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасын тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл экологиялық науқанның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.


Осыған орай, бүгін Сыр медицинасының 80-ге жуық қызметкері облыстық медициналық орталығының алдындағы ағаштардың діңгегін әктеп, орталықтың аймағын түрлі күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, медицина саласының қызметкерлері аталған аумақта ағаш көшеттерін отырғызды.


Бұл акцияға Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г. Бержаппарова пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Ж. Нұрымбетов белсене қатысып, ақ халатты абзал жандармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді. 


Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы аясында қала және аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, аллеялардың аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстардан тазартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.