Ер адам бүлдіршінге өзі тартып отырған темекіні шеккізген

1 471

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде ер адамның бүлдіршін қызға өзі тартып отырған темекіні шеккізген видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Видео авторының айтуынша, бұл жағдай Жаркенттегі стадиондардың бірінде болған. 

“Ер адам стадионға екі кәмелетке толмаған бүлдіршін қыздармен келді. Ол 1,5-2 жастағы балаға темекі шеккізіп отыр”, – деп жазды автор. 

Желіде қызу талқыға түскен ер адамның әрекетіне қатысты Жетісу полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, ол жауапқа тартылды. Оның бұл әрекеті ата-аналық міндеттерді өрескел бұзу әрі баланың денсаулығына қауіп төндіру деп бағаланды.

“Ер адам бала тәрбиесі мен оның құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ қоғамдық орында шылым шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – деп мәлімдеді департамент.

Полиция темекі шегу тек адамның өзіне зиян ғана емес, балалар үшін де теріс үлгі қалыптастыратынын еске салды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.