Еліміздегі барлық балабақшалар мен мектептерде ыстық тамақ берілмек
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар балабақшалар мен мектептерде тегін тамақтанбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстарында бұл мәселе шешілді. Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарында бюджет мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бекітіледі.
Сондай-ақ барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында мәслихат сессиялары өткізіліп, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.