Қызылордадағы дезинфекциялық тоннельдер дұрыс жұмыс жасамай тұр

1 191
Қаламыздағы  мекемелерде орналасқан тазалық дәліздерінің жұмыс жасау деңгейі  көңілге қонымсыз деп, хабарлайды  «Opennews.kz»   ақпарат агенттігі.

Короновирустан қорғанудың ең басты шарты – санитарлық талапты сақтау. Бетперде киіп, қолды залалсыздандырудың қатарына дезинфекциялық қондырғы да кіреді. Орнатылған тазалық дәлізінен өткенде адамның үстіне түгелдей шашылатын арнайы ерітінді қауіпті вирусты жойып жіберетін күшке ие. Тазалық дәлізі тікелей 50 литрлік бөшкеге жалғанады. Құрамында антисептикалық арнайы қоспалары мен хлорлы судың бөшкесі 50 000 теңгені құрайды. Аталмыш қоспаның бір бөшкесі бір күнге жетер жетпес, олай дейтініміз адамның кіріп-шығуына байланысты. Десек те, киімге және адам ағзасына тигізер зияны жоқ,-дейді мамандар. Көбіне қоғамдық орындар мен медициналық мекемелердің кіреберісіне қойылады.

Осы орайда, қаламызда орналасқан адам көп шоғырланатын Жайна сауда үйінің алдындағы дезинфекциялық қондырғы істен шыққан. Сонымен қатар, облыстық онкология бөлімініңде де тазалық дәлізі  жұмыс жасауын тоқтатқан десек, тіпті кейбір мекемелерде яғни, мектептерде қатты күшпен тым көп  мөлшерде шашылып жатса, кей мектептерде мүлдем істен шыққан. Бұл дегеніміз балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.  Бұл ретте қала тұрғындары да сан түрлі пікір қалдыруда. Мысалға, 3 баланың анасы Қанипа ханым Фейсбук желісіндегі парақшасында тоннельге қатысты өзінің пікірін білдірген болатын: «Менің үш баламныңда химиялық заттарға аллергиясы бар. Алдыңғы күні менің 1-ші сынып оқитын  балам мектептегі хлорды қатты шашып тұрған тоннельден өтіп, сабақ уақытында басы ауырып,   көздері қарауытып кеткен. Мен тоннельдерді алып тастауын талап етемін. Жалпы балаларға хлор шашудың қажеті жоқ. Олар бәрібір сыныпта күні бойы бетперде киіп отырады және сол бетперде мен сырт киіміне тиген хлормен дем алады»,-деді.
Бұл пікірге тағы да дәлел айта кететін болсақ, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық» орталығының кіреберісіндегі дезинфекциялық тоннель мөлшерден көп шашылып жатқаны, кейде тіпті адам өтпеседе тоқтамай шашылып қалатынын тілге тиек ете кетейік.

Дәрігерлердің айтуы бойынша  егер балалардың да, тіпті ересек адамдардың да  аллергиялық ауруы болса,  денсаулықтарына қатты алаңдаса, тазалық дәлізінен өтпеуге де болады.  Десе де, су мен спирт және залалсыздандыратын қоспалар ғана қосылған тоннельден төнер қауіп жоқ  екендігін де еске сала кеткен жөн.
                                                                                                           
                                                                                             

                                                                              Тұмар ХАНЫМ