Заңсыз жұмыс жүргізген әкс-әкімнің әкесіне 52 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

546

Бауыржан Байбектің әкесіне 51 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Отырыс жауапкерсіз өтті. Байбекке заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.


Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз "Әулие" ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды.


Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды.


Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.


Еске салайық, бұған дейіе Бауыржан Байбектің әкесі Астанада сотталып жатқаны хабарланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.