АУДАНДА «ҚЫС-2022» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
110
Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов қатысып, аудан деңгейінде төтенше жағдай орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді.
Алдымен инженерлік қызметтің әлеуетін бақылап, техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады. Қыс мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында бұдан бөлек сауда және тамақтандыру қызметі, жанар-жағармай, жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі, энергетика мен жедел жәрдем, радиоциялық-химиялық қорғаныс қызметі, құлақтандыру және байланыс, су қызметі, КазТрансГаз және полиция қызметі мен төтенше жағдай және өрт сөндіру қызметтері бар. Бұл құрылымдардың барлығы аудан әкімінің орынбасарына қысқа дайын екендіктерін баяндады.
«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан әкімінің орынбасары барлық құрылымдардың өкілдерін қыс мезігілі келе жатқандықтан, қай уақытта болмасын әзір болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.Оқу-жаттығу барысында көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша АҚМЖ салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысында үйлесімділігін жетілдіру, төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары жедел штабтарының жұмысы, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігі тексерілді.