Балаға ұқсайтын 27 жастағы ер адам жұмыс таба алмай жүргенін айтып шағымданды

379

Қытайда балаға ұқсайтын 27 жастағы ер адам әлеуметтік желілерде сыртқы келбетіне байланысты жұмыс таба алмай жүргенін айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times Now басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
Фото: видеодан скриншот

Гуандун провинциясының тұрғыны Мао Шэннің жұмыс берушілердің оны ересек адам ретінде қабылдамайтынын айтқан видеосы желіге таралды.  Оның айтуынша, ер адам бастапқыда досымен бірге жұмыс іздеген. Жолдасы бірден жұмысқа тұрып кетсе, ал Шэнді ешкім қызметке алмай қойған. 

\
Оның видеоларының бірінде көрсетілген құжаттарға сәйкес, азамат 1995 жылы дүниеге келген. Осыған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер оның шынымен 27 жаста екеніне сенбейтін көрінеді. Себебі, олар заң тұрғысынан жасқанады. Қытайда балалар еңбегіне тыйым салынған, ал Шэн өте жас көрінеді.


Шэннің роликтері тез арада көп қаралым жинап, ер адамның танымалдылығы артқан. Тіпті ол ата-анасы көріп, ызалана ма деп алаңдаушылық білдірген. Алайда ақыр соңында оған танымалдылық пайда әкелді. Көп ұзамай Шэнді бірден бірнеше жұмыс беруші қызметкері еткісі келді. Қытайлық азамат ұсыныстардың бірін қабылдады.