Жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 109 млн теңге шығын келтірген әйел сотталды

109

Қарағандыда қызмет көрсетпей және тауарды тиеп-жөнелтпей, шот-фактураларды жазып берген кәсіпкер әйелдің бас бостандығы 3,5 жылға шектелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігі.


Сотқа дейінгі тергеуді агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.


Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын кәсіп иесінің жеке кәсіпкерлік атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде бұл тауарларды жеткізушілер болмаған.


Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді, - делінген хабарламада.


Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.