Бассейнде батып жатқан 5 жасар бала аман қалды

1 514

Фото: iStockphotoҚостанайда 5 жасар бала бассейнге батып кеткен оқиға тіркелген. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жетіп, баланы аман алып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 16:17-де түскен, ал бригада оқиға орнына 16:21-де жеткен. Шақырту себебі — суға кету жағдайы. Бала 2021 жылы туған.

Куәгерлердің айтуынша, баланың бассейн түбінде жатқанын демалушылардың бірі байқаған. Сол кезде оның ата-анасы да термопарк аумағында болған.

Оқиға орнына қосымша екінші жедел жәрдем бригадасы да жіберілген. Дәрігерлер жеткен сәтте бала клиникалық өлім жағдайында болғаны анықталған.

Мамандар жедел түрде реанимациялық шаралар жүргізіп, баланың жүрек соғысын қалпына келтірген. Сондай-ақ, балаға интубация жасалып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Реанимациялық бригаданың сүйемелдеуімен ол шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.