Қызылордалық аналар облыс әкімімен кездесе алмай жүр
1 313
Қызылордада балаларға арналған тегін үйірмелердің жұмысы жабылу алдында тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдан бері балалар шығармашылығын шыңдау мақсатында өңірімізде тегін үйірмелер ашылған болатын. Алайда, бүгінгі күні ата-аналардың қуанышы көпке созылмады. Себебі, облыс бюджетінен бөлінетін қаржы үш айдан бері тоқтап қалған. Түрлі үйірме курстарын ашқан кәсіпкерлер әкімдік тарапынан көмек болмаса, әрі қарай жұмыс істеу мүмкін емес екендігін жеткізіп әлек.
Расында, балалардың жазғы демалыстарының тиімді өтуіне үйірмелердің көмегі зор еді. Алайда, қызылордалық аналар өздерінің арыз-шағымдарын аймақ басшысына Нұрлыбек Нәлібаевқа жеткізгісі келгенімен, әлі күнге дейін кездесе алмай жүргендерін айтты.
Осы орайда, басқарма басшысының орынбасары Ержан Жеткерұлы, өнім берушілер былтыр 4832 балаға өтінім берді. Оған 100 млн теңге бөлінген. Биыл 301 млн теңге қарастырылған. Бірақ бала саны былтырғыдан 4 есе көп болды. Ақша бала басына бөлінетіндіктен наурыз айына жетпей қалды,—деді
Сонымен қатар, алдағы уақытта бюджеттен 100 млн теңге қаражат қарастырылғанымен, шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға толық жетпейтіндігін жеткізді.

«Балам енді ғана домбыраны үйреніп келе жатқан. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып жүретін. Тегін үйірмелерге барып, жақсы болған еді. Ал енді әкімдік ақша жоқ дейді. Ертең олар жабылса, балалардың ермегі тағы да телефон шұқылап, көшеде ойнау болады» ,— дейді ата-ана Әйгерім Бақыт
Расында, балалардың жазғы демалыстарының тиімді өтуіне үйірмелердің көмегі зор еді. Алайда, қызылордалық аналар өздерінің арыз-шағымдарын аймақ басшысына Нұрлыбек Нәлібаевқа жеткізгісі келгенімен, әлі күнге дейін кездесе алмай жүргендерін айтты.
«Бұл мемлекеттің бастамасы. Оның үстіне биыл балалар жылы. Ал біздің әкімдік балаларды қолдамай отыр. Тіпті мемлекеттің жобасына да пысқырмайтын сияқты. Балалар біздің болашағымыз емес пе?» ,— дейді Шолпан Төлегенова.