Аудан әкімдігі жүргізушісі қызметтік көлікпен бастығының қызын тасып жүр
1 848
Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің жүргізушісі күн сайын қызметтік көлікпен аудан әкімдігі аппараты басшысының қызын таситыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Massaget" сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, кеше аудан әкімдігі жүргізушісі аппарат басшысының қызын көріп қалып, мектепке апарып тастаған.
"Аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мөлдір Ғабитқызы мемлекеттік нөмірі 268 AG 19, "Hyundai TUCSON" маркалы қызметтік автокөлігін тек қызметтік мақсатта және жұмыс уақытында пайдаланып жүр. 23 қарашада таңғы сағат: 07.40-та аппарат басшысы Мөлдір Ғабитті сол қызметтік көлікпен жеке жүргізушісі С. Кетпенбаев жұмыс орнына жеткізіп тастап, автокөлікті жуып келетінін ескертіп көлік жуу орнына сұранып кеткен. Көлік жуу орнынан қайтып келе жатқанда, аппарат басшысы Мөлдір Ғабиттің мектеп оқитын қызын көріп қалып, ешкімнің рұқсатынсыз мектепке дейін жеткізіп тастап, жұмыс орнына келген", - делінген Кербұлақ ауданы әкімдігінің ресми жауабында.
Ведомство өкілдері көлік жүргізушісі бұл туралы аппарат басшысына ескертпегенін алға тартқан.
Тағы да оқыңыздар
Банан өсірген бағбан
1 505
Кәсіпкерлерге қолдау көп
1 510