Ақпарат агенттігі қарттар күнімен құттықтады
532
«Opennews.kz» ақпарат агенттігі қарттар күні мерекесіне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету.
Мемлекетке еңбегі сіңген зиялы қарттарымыз емес бұл жолы қара халықтың қамымен жүрген өмірінің жартысын сантехник мамандығымен үйлестірген Сыздықбаев Дүйсенбай есімді атамыз бүгінде жалғыз басты зейнеткер, жасы 71-де. Өмір бойына қара жұмысшы болып қызмет еткен. Құдай қосқан жары мен жалғыз ұлы қайтыс болған. Қазіргі таңда, зейнетақы жетіспеушілігінен күзетші болып жұмыс жасауда. Қазыналы қартымыз, кішкене бір бөлмелі сарайды паналап, тұрмыс кешуде. «Бойымда қуат барда өзім күнелтемін, кейін 2-3 жылдаң соң қарттар үйіне барармын»,-деді ақсақал. Ақсақалдың айтуынша қарттар үйі өмір сүруге қолайлы және ыңғайлы екен.
Сонымен қатар, кезекті қарт анамыз Шляпкина Людмила 69 жаста. Жас кезінде тігін машинасын жөндейтін механик болып жұмыс атқарған, кейін отбасы жағдайына байланысты пошташы болып еңбек еткен. Жолдасы мен екі баласы да дүниеден өткен. Бүгінде, кейуана 74 мың теңге зейнетақы алады, оның 30 мың теңгеге жуық ақшасына несиесін төлеп отыр. Пандемия басталар алдында мүгедек баласы дүниеден өтіп, соның жерлеуіне алынған ақша ғой деп көзіне жас алды. Әжейдің көз жанарына ота жасалғанымен әлі де ауырсынатын айтады. Әжейге көмек беріп келушілердің қарасы көп, алайда үйіне жөндеу жұмыстарын жасап жатырмын деген сылтаумен ешкімді кіргізбейді екен. Алайда, біздің журналистерге есігін айқара ашып, қарсы алды. Қабырғаларының барлығын шылау басып кеткен бұл үйде біршама жылдар бойына адам тіршілік етпеген бе дерсіз. Осы орайда, «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының Сабалақ саяжайына қарасты қызметкері Гүлбахор Қорғанова қарттарымызға апарар жолды сілтеп отырды. Сонымен қатар, Гүлбахор ханымның қолдауымен Людмила Сергеевнаға үкімет тарапынан үй тазалығын жасайтын әлеуметтік қызметкер берілетіндігі қолға алынды.

Тағы да оқыңыздар
Ер азаматқа ептілік тән
1 527