Рөлін оң жақтан сол жаққа заңсыз ауыстырғандар жолаушы тасымалдай алмайды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда InDrive сервисі оң жақ рульді 70 мыңнан астам көліктің жүргізуші профилін жолаушы тасымалынан шектеген. Олардың қатарында рөлі оң жақтан сол жаққа заңсыз ауыстырылған көліктер де бар, - деп  хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында InDrive Қазақстан бас директоры Арай Бекембаев премьер-министр Олжас Бектеновке такси және қалааралық тасымалдағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады. Компания өкілінің айтуынша, оң жақ рульді және қайта жабдықталған көліктер VIN-код арқылы тексеріледі. Талапқа сай келмейтіні анықталса, жүргізушінің профилі сервис ішінде бірден бұғатталады.

"Егер анықтасақ, бірден бұғаттаймыз. Оң жақ рульді көліктерді қосымшада 2023 жылдан бері жолаушы тасымалына жібермейміз", – деді Арай Бекембаев.

Қазір мұндай көліктер InDrive арқылы тек сәлемдеме жеткізу қызметінде жұмыс істей алады. Ал жолаушы тасымалдауға рұқсат берілмейді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселенің әсіресе қалааралық тасымалдауда маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, оң жақ рульді минивэндер, соның ішінде Toyota Alphard көліктері адам шығыны көп болған жол апаттарына түскен.

"Адам шығыны көп жол апаттары болды. Оның үстіне мұндай жағдайлар дәл қалааралық тасжолдарда және осы минивэндердің қатысуымен тіркелді", – деді премьер-министр.

Компания мәліметінше, 2026 жылдан бері InDrive платформасында 481 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар үшін 2,5 миллиард теңгеден астам әлеуметтік төлем аударылған. Ал сервисті ай сайын 2,5 миллионнан астам жолаушы пайдаланады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.