Қармақшыда ер адам жұмыссыз әйеліне ай сайын ақша төлеп тұруға келіскен

1 391

Фото: Ru.freepik.comҚызылорда облысының тұрғыны медиация тәртібімен баласы 3 жасқа толғанға дейін жұбайын қамтамасыз ету үшін ай сайын алимент төлеуге келісті, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Қармақшы аудандық сотының мәлімдеуінше, баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды. Талап қоюшы жауапкермен бірге тұрмайды. Алайда заңды некеден үш жасқа толмаған баласы бар. 

“Әйел бала күтіміне байланысты еш жерде жұмыс жасамайтынын, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкердің өз еркімен көмек көрсетпейтінін айтып, баласы үш жасқа толғанша жауапкерден 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұрады”, – деліген хабарламада.

Істі сот талқылауына дайындау барысында ерлі-зайыптыларға олардың дауды медиация тәртібімен реттеуге болатыны айтылып, құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде тараптар азаматтық іс бойынша өзара келісімге келіп, медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш жазды. Келісімнің шарттары бойынша жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын талап қоюшымен өзара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелді.

Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.