Шетелде жұмысқа істеп жүрген қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты

1 508

Фото:© depositphotos.comТүркияның Анталия қаласында  18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол қонақүйлердің бірінде жұмыс істеп жүрген.  Ақпаратты марқұмның туыстары мәлімдеген. Қыздың өліміне жол-көлік оқиғасы себеп болған. Қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін айтқан. Сондай-ақ ведомство қыздың қаза болуына қатысты мән-жай Бас консулдықтың бақылауында екенін, қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын хабарлаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.