«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болады

301
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй – коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру көзделген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Табысына қарай тұрғын үйге қолжетімділіктің градациялық жүйесі көзделеді.


"Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі бірге дейінгі табысы бар кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі.
Салынған жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктердің тізімінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына кезек тәртібімен сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімге жалға берілетін болады. Мұндай санаттағы адамдардың тізбесі "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 68-бабында келтірілген.


Тұрғын үй алу үшін кезекке тұру үшін әкімдікке мұқтаж ретінде есепке қою үшін жүгіну қажет. Қызметті онлайн алу және қажетті құжаттар тізімімен порталда осы сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз.


Бұдан басқа, Жастар жылы аясында 3 жыл ішінде Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар жыл сайын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы "көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар"санатында кезекте тұрғандарға қолжетімді. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген шамасынан аспайтын табысының болуы;
  3. неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
  4. төлем қабілеттілігін растау;
  5. ЖАО-ның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген санаттарға қатысушылар бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғын үйге мұқтаж адамның мәртебесін растауы.
Осы бағдарлама шеңберінде аталған санаттағы кезекте тұрғандарға бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасының болуымен, жылдық 2%-бен, 20 жылға дейін кредит беру мерзімімен тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген кредит беріледі. Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алу кезіндегі қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.

Ең төмен күнкөріс деңгейі 3,1-дейінгі табысы бар кезекте тұрғандар: "5-20-25", "5-10-20" бағдарламалары бойынша жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйлеріне және жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйлеріне (әскери қызметшілер, бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер) үміткер бола алады. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. соңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасына дейінгі табысының болуы;
  3. ЖАО-ның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының есепке қойылғанын растауы;
  4. төлем қабілеттілігін растау.
Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйін сатып алу үшін "5-20-25" бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасы болуымен, 25 жылға дейін кредит беру мерзімімен, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-бен кредит беріледі.

Мәселен, таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу (сатып алу) және сату құны Алматы қаласында − 240 мың теңгеге дейін; Нұр − сұлтан қаласында және оның қала маңы аймағында - 220 мың теңгеге дейін; Шымкент қаласында және Алматы қаласының қала маңы аймағында − 200 мың теңгеге дейін; Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында − 180 мың теңгеге дейін;қалған өңірлерде − 160 мың теңгеге дейін; жеке үйлер құрылысының пилоттық жобалары шеңберінде – 120 мың теңгеге дейін.


Сондай-ақ, "5-10-20" бағдарламасының қатысушыларына бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін (жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйі, оның ішінде "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы объектілерінде, жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйі) 20 жылға дейінгі кредит беру мерзімімен, тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасы болуымен, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-бен кредит беріледі. Жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алу кезіндегі қарыздың ең жоғары сомасы Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында - 18 млн.теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында - 15 млн. теңгеден аспайды; өзге өңірлерде - 12 млн. теңгеден аспайды.


Кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін әкімдікке мұқтаж ретінде есепке қою үшін жүгіну және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашу қажет. Қызметті онлайн алу және қажетті құжаттар тізімімен порталда осы сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашу үшін жеке куәлік және банк менеджеріне жүгіну қажет.
Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі 3,1-ден асатын табысы бар азаматтар үшін :"7-20-25" бағдарламасы қолжетімді.


"7-20-25" бағдарламасына кез келген адам кезектілігі бойынша шектеусіз қатыса алады.


Ең төменгі күнкөріс деңгейі 5-тен жоғары табысы бар адамдар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді ("Баспана-хит" ҰБ, "Орда" ҚИК, "Өз үйім" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) пайдалана алады.