Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

1 267

Фото: janalyq.kzАлматыға контракт бойынша ауысқан сарбаз көп ұзамай мерт болды. Анасына қаралы хабар жеткізгендер басында кінәлілер жазаланатынын айтып, кейін ұлы өзін-өзі өлтіргенін айтқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Instagram желісінде сарбаздың анасы ұлының фотосуреттерін жариялап, баласының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды.


Астанадағы міндетті әскери қызметтен кейін Алмаз есімді сарбаз Алматыға контракт бойынша ауысқан.


Көп ұзамай ұлының қазасы жайында анасына суық хабар келеді. Басында кінәлілер жазаланады деп уәде етілген, бірақ кейіннен сарбаз өзін атып өлтірген деген ақпарат шықты. Анасы мұндай тұжырымға сенбей отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.