Автосалон клиенттерінен ақша алып, көліктерді бермей қойған

1 523

Фото: Ru.freepik.comАстанада 25 жастағы көлік сататын салонның иесі мен оның қызметкері ірі алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, бұрын бұл кәсіп заңды түрде жұмыс істеген. Қолданыстағы автокөліктерді комиссиялық негізде сатқан, яғни басқа адамның мүлкін сату арқылы табыс тапқан. Алайда кейіннен күдіктілер көлік сатудан түскен ақшаны жымқырып отырған.

“Алаяқтардың құрбанына айналғандар арасында сатып алушылар да бар. Клинеттер ақшаcын төлеген, бірақ көліктерін ала алмай қалған. Күдіктілер автокөліктерді пайдаланып, оларды жалға берген”, – деп хабарлады полиция.

Күдіктілер бірден қамауға алынған. Полиция тергеу жүргізіп, олардың бұған дейін осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Шығын көлемі әлі белгісіз.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.